Жаңалықтар

Жаңалықтар


26.07.2023 ҚазҰУ мен Қытай технологиялар трансфері орталығы бірлескен жобаларды іске асырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансфері орталығының директоры Лю Хунчжи бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.


26.07.2023 ҚазҰУ студенттері қалашықта жұмыс істеуде

Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 30 студенті Алматы қалалық «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етті. Аталған бағдарлама елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан игі жоба.


25.07.2023 ҚазҰУ мен ECUPL құқықтық ғылыми жобаларды бірлесіп жүргізеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мемлекеттік Шығыс Қытай саясат және құқық университетінің (Ecupl, Шанхай қ.) делегациясы келді.


24.07.2023 ТМУ ҚазҰУ-дың қосдипломды білім беру тәжірибесіне қызығушылық танытты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Томск мемлекеттік университеті (ТМУ) Заң институтының директоры Ольга Андреева жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейман ҚазҰУ басшылығымен кездесіп, университет қалашығымен танысып, заң факультетін және Әл-Фараби кітапханасын аралады.



24.07.2023 «Рихлокаин» талай дертке дауа

«Елімізде фарма­цевти­калық нарықты дамытуға қабілетті тамаша ғалым­дар бар, олардың ойлап тапқан тиімді өнімдері көпшіліктің аузында жүр. Әйтсе де мемлекет пен жеке сектор мүддесі қа­жет деңгейде болмаған­дық­тан, отандық дәрі-дәр­мек өндірісі еңсе­сін тіктей алмай келеді. Қазір ішкі нарықтағы өнімнің 70-80 пайызы сырттан келе­ді. Бұл – мемлекеттік деңгей­де ойланатын келелі мәсе­ле», – дейді химия ғылы­мы­ның докторы, про­фес­­сор міндетін атқарушы Күнназ Мырзағұлова.


23.07.2023 ҚазҰУ қабылдау комиссиясы білім беру гранттарына өтініш қабылдауды аяқтады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру гранттарына өтініш қабылдау қорытындысы бойынша 2452 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде 78 пайыз, яғни 1904 оқушы қазақ тілінде оқуға өтініш берсе, 548 талапкер немесе 22 пайызы орыс тілінде білім алу үшін конкурсқа қатысады. Тек үш талапкер ағылшын тілінде оқуға өтініш берген.


22.07.2023 МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Естеріңізге сала кетсек, кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.


21.07.2023 Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы ҚазҰУ-ға келді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы, доктор Барыш Думан арнайы сапармен келді. Құрметті қонақты қарсы алған ҚазҰУ басшылығы университеттің тарихын, қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп, арнайы кампус-тур ұйымдастырды.


21.07.2023 ҚазҰУ археологтері ерте темір ғасырына жататын отбасылық қабірді тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы тарих ғылымының докторы, қауымдастырылған профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы қазба жұмыстары кезінде ерте темір ғасырына жататын отбасылық қабірді тапты.


21.07.2023 ҚазҰУ студенті Сейітқазы Еламан – жазғы спартакиада чемпионы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Сейітқазы Еламан жуырда ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы спартакиада чемпионы атанды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық атлет қатысты.