Тарих
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Әлеуметтік-этикалық құндылықтары мен қоғамдық-құқықтық қатынастардың жеке адамның жалпы мәдениеті мен әлеуметтенуіне ықпал етуін түсіндіру, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси және төтенше жағдайлар кезінде, әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерге талдау жасау, қоғамдардың жалпы тарихи даму логикасын ашу;
2. Тарих саласындағы тұжырымдамалық және терминологиялық аппараттарды пайдалану, тарихи дереккөздермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндердің әдістері; теориялардың мәнін айшықтау; тарихи білім және тарихи үдеріс, тарих ғылымының әдістерінің мәнін түсіну;
3. Тарихтағы әдістемелік тәсілдердің мазмұнын негіздеу, ең маңызды құбылыстардың мазмұны мен заңдарын, ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихи кезеңдерін талдау;
4. Қоғамның эволюциялық дамуындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени процестерді түсіндіру; Еуропа, Америка және Орталық Азия елдерінің ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі заманғы тарихының тарихи үдерістерін талдау және тарихи оқиғалардың аймақтық және локалды ерекшеліктерінің байланыстарын белгілеу;
5. Тарих ғылымындағы тенденциялар мен ғылыми мектептердің дамуындағы тарихнамалық үрдістерді бағалау; тарихи шынайылықты бағалау және сипаттау үшін тарихи дереккөздерді қайта қарау;
6. Тарихи оқиғаларды сиапттауда дереккөздерді (материалдық, жазбаша) талдаудың жалпы және нақты әдістерін анықтау; ұлттық және әлемдік тарихтың ортақ оқиғалары мен себептерін сыни түрде бағалау; аймақтың, елдердің тарихи дамуындағы негізгі үдерістерді айқындау;
7. Тарихи оқиғалардың имитациялық үлгілерін компьютерлік модельдеу және тарихи-мәдени, өлкелік мекемелердің, ұйымдарға қатысты аспектілерін ақпараттық қолдау;
8. Әлеуметтік-мәдени жобалар бойынша сараптамалық пікір қалыптастыру және тарихи байланыста талдау, әлеуметтік-экономикалық контексті ақпараттарды талдау және құрылымдаудың түрлі әдістерін қолдану;
9. Білім берудің негізгі мақсаттарын табысты шешудің әдістемелік шарттарын анықтау, оқыту тұжырымдамасын әзірлеу және дайындау және нәтижеге жету бойынша топтың жұмысын ұйымдастыру;
10. Мекемелер мен бірлестіктер қызметіне тарихи-мәдени және өлкетанушлық аспектілермен ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, аймақтың тарихи-мәдени және табиғи әлеуетін анықтауда қолданылатын тәсілдер, тарихи ескерткіштерді сақтау мен заңнамалық қорғау негізін білу;
11. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының шешімдер қабылдау үшін тарихи контексті ескере отырып, аналитикалық ақпаратты бағалау; ақпараттық-аналитикалық орталықтардың, қоғамдық және саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тарихи және әлеуметтік-саяси аспектілерін дамыту; мәдени және білім беру жобаларын әзірлеу және енгізу;
12. Әріптестермен және басқармамен кәсіби қарым-қатынас орнату; өздерінің кәсіби мақсаттарында әлеуметтану, экономика, психология бойынша сабақтас ғылымдар туралы мәліметтерді пайдалану; жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, стандартты емес жағдайларға бейімделу, командада жұмыс істеу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген