6B02303 Бакалавриат

Шетел филологиясы (батыс тілдері)

Факультет:Филология
Код:6B02303
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетФилология
ID1459

Бағдарлама туралы

Батыс шетел тілі мен әдебиетін еркін меңгерген, тіл мен әдебиет теориясы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды білетін, филологиялық зерттеулерде және мәдениетаралық коммуникация, қоғаммен байланыс, баспа ісі және әкімшілік басқару салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті филологтарды кәсіптік даярлау.

Түлек моделі

1. Оқытылатын шетел тілі және оның ауызша және жазбаша сөйлеу үлгілері, лексика, грамматика, сөзжасамдық құбылыстар мен қызметтері бар функционалдық түрлері туралы лингвистикалық білім жүйесіне ие болу.
2. Тіл мен сөйлеуді ғылыми зерттеуде соңғы лингвистикалық әдістер мен амалдарды пайдалана отырып, тіл білімі саласындағы заманауи бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу; лингвистикалық жобалар бойынша кәсіби пікірлерді әзірлеу және енгізу.
3. Кәсіби бағытталған мәтіндерді түсіну, өз көзқарасын еркін және өздігінен тұжырымдау, кез келген сипаттағы тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі хабарламалар құрастыру.
4. Әдебиет теориясы, отандық және әлемдік тарих саласындағы негізгі қағидалар мен тұжырымдамалар туралы білімдерін; әдеби және фольклорлық мәтіндердің әртүрлі жанрлары туралы түсінігін көрсету.
5. Ғылыми пікірталастарға қатысу, хабарламалармен және баяндамалармен сөз сөйлеу, өз зерттеулерінің материалдарын ауызша, жазбаша және виртуалды (әлеуметтік желілерде) жеткізу дағдыларын меңгеру.
6. Ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді, библиографиялық дереккөздерді және заманауи іздеу жүйелерін пайдалана отырып, алған білімдерін зерттеу қызметінде одан әрі қолдана отырып, шығармаға сыни әдеби талдау жүргізе білу.
7. Көркем, ғылыми, публицистикалық әдебиеттерді және ресми-іскерлік мәтіндерді редакциялау, түсіндіру және түсініктеме беру, сондай-ақ ана және шет тілдеріндегі әртүрлі типтегі мәтіндерді өңдеу (түзету, жалпылау, бейімдеу, рефераттау) қабілетін көрсету.
8. Ғылыми зерттеулерде және қолданбалы міндеттерді шешу үшін, оның ішінде лингвистикалық корпустарды, филологиялық деректер базасын және гуманитарлық бағыттағы өзге де цифрлық ресурстарды құру үшін лингвистикалық бағыттағы бағдарламалық өнімдерді пайдалану.
9. Түрлі дереккөздерден алынған аннотацияларды қолдануда библиографиялық зерттеу дағдыларымен, сонымен қатар заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, лингвистикалық және әдеби тұрғыдан мәтіндердің әртүрлі түрлеріне сараптама жасау.
10. Құқықтану, экология, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық саласындағы пәнаралық білімге және Фараби мен Абайдың философиялық ілімдеріне сүйене отырып, кәсіби қызметте гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың ұғымдық-категориялық құралдары мен негізгі заңдарын қолдану.

Байланыс

Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 311
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1323)

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)