- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Кітапханалық ақпараттық жүйелер
Кітапханалық ақпараттық жүйелер
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Гуманистік құндылықтарды, қауіпсіз өмір салтын, қаржылық сауаттылықты, оқырманмен қарым-қатынаста мінсіз әдептілік пен зерттеу әдістерін қолдануды дамыту
ON2 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, кітапхана жарғысына, кітапхана және ақпараттану теориясы мен тәжірибесіне негізделген библиографиялық процестерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу. Сонымен қатар, Менеджмент және маркетинг негізінде әртүрлі деңгейдегі кітапханалар жұмысын басқару, ағымдағы және перспективалық жоспарларды, нормативтік және басқа құжаттамаларды әзірлеу және жүзеге асыру, кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру
ON3 Библиография және кітапғылымы саласындағы ғылыми зерттеулерге, теориялық білімге негізделген зерттеу нәтижелерін енгізуге қатысу
ON 4 Стационарлық және қашықтағы режимдерде кітапхана пайдаланушысының сұранысы бойынша библиографиялық анықтамаларды беру бойынша жұмыстарды орындау.
ON 5 Дыбыстық материалдарды өңдеу, мұрағаттау бағдарламалары негізінде жаңа жағдайлар мен технологияларға бейімдеу, аудиоматериалдарды цифрландыру, заманауи аудиокітап жазу технологияларын қолдану.
ON 6 Аудио материалдарды сандық форматқа түрлендіру және оларды балалар мен зағип жандар үшін қолжетімді цифрлық форматқа бейімдеу, кітапханашы үшін коммуникация дағдыларын меңгеру
ON 7 Шығармашылық пен инновациялық ойлауға негізделген материалдарды, дауысты мәтіндерді дайындайды және зерттейді, дикторлық шеберлігін жетілдіреді
ON 8 Кітапхана қорын энтомологиялық сараптау, құжаттарды температуралық, ылғалдылық, жарықтық, санитарлық-гигиеналық режимдерге сәйкес жүйелі визуалды тексеру негізінде кітапхана қорын ғылыми консервациялау және сақтау дағдыларын көрсету.
ON 9 Кітапханатану, библиография, құжаттану, информатика, мәдениет, ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясат, нормативтік құқықтық актілер негізінде құрылымдық бөлімшенің жұмысын жоспарлау бойынша кітапханада библиографиялық және ақпараттық-талдау жұмыстарын және кітапханалық-ақпараттық қызмет, зияткерлік меншікті, жеке деректерді қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулық құжаттар жүргізу
ON 10 Кітапхана ісі саласындағы социологиялық, психологиялық, педагогикалық және маркетингтік зерттеулерге талдау жасау; Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі негіздерін, нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, мұрағат ісі бойынша басқа да әдістемелік материалдар мен құжаттарды пайдалана отырып, дәстүрлі және цифрлық форматта кітапхана қорын және басқа да ақпараттық ресурстарды ашатын көрмелер ұйымдастыру.
ON 11 Жасанды интеллект негізінде кітапхананың LAN және серверлік жабдықтарын алу, орнату, конфигурациялау және техникалық қызмет көрсету әдістерін қолдана отырып, басып шығарылатын құжаттарды электронды форматқа түрлендіру және электрондық құжат жеткізу технологияларын қолдану.
ON 12 Әдістемелік қамтамасыз етуді және әдістемелік қызметті үйлестіруді ұйымдастырады, саладағы библиографиялық қызметтің жай-күйіне талдау жасайды, кітапхана құжаттарын қағаз және картонға аздап бүлінген, құрылымдық бұзылыстары бар және құрылымдық өзгерістерсіз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу;
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген