6B11401 Бакалавриат

Әлеуметтік жұмыс

Факультет:Философия және саясаттану
Код:6B11401
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФилософия және саясаттану
ID2053

Бағдарлама туралы

Өмірлік қиын жағдайда жүрген, ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін, талдау-зерттеу қызметін жүргізетін, әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік жұмыс бойынша білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету

Түлек моделі

1.Әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын, теорияларын, функциялары мен тетіктерін ажырату мен түсіндіруде, оларды өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен өзара іс-қимыл кезінде пайдалануда қабілеттілік көрсетуге
2.Ғылыми танымның, әл-Фараби оқуының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, адам тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ғылыми зерттеулер әдістерінің, қаржылық сауаттылық негіздерінің әртүрлі модельдері негізінде өзін-өзі дамыту, әлеуметтік ақпаратты басқару стратегиясын айқындауға
3.Әртүрлі кәсіби жағдайларда әлеуметтік жұмыстың базалық әдістері мен технологияларын қолдануға
4.Клиенттермен жұмыс істеу кезінде нақты жағдайдың ерекшеліктерін, зерттеу деректерін, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық құрамдас бөліктерін ескере отырып, кәсіби этика тұрғысынан бағалауға
5.Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру және оңалту мәселелері бойынша делдалдық, әлеуметтік-профилактикалық, консультациялық және әлеуметтік-психологиялық қызметті жүзеге асыруға
6.Клиенттің, оның ортасының психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында мамандар мен қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіруге
7.Клиенттің өз күштерін, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру арқылы өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге
8.Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, әлеуметтік қамсыздандыруды және қазіргі заманғы квалиметрия мен стандарттау жетістіктері негізінде әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізуге
9.Әлеуметтік жарнама және клиентке әсер етудің басқа құралдары арқылы клиентпен әлеуметтік өзара әрекеттесу бағдарламаларын әзірлеуге
10.Әлеуметтік жұмыс саласындағы процестер мен құбылыстарды болжау, жобалау және модельдеу, әлеуметтік жобаларды сараптамалық бағалау әдістемелерін пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларға қатысуға
11.Азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын іске асыратын ұйымдардың бөлімшелерінде қажетті құжаттаманы және құжат айналымын ұйымдастыруды талдау және жүргізуге
12.Әлеуметтік міндеттерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілетін көрсетуге қабілетті болады

Байланыс

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Морозова Т.А., 87019957972

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)