6B03206 Бакалавриат

Медиакоммуникациялар

Факультет:Журналистика
Код:6B03206
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетЖурналистика
ID2112

Бағдарлама туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласында кәсіби кадрларды сапалы дайындау. Жобалық жұмыста іргелі тұжырымдамаларды қолдана, цифрлық сауаттылық туралы білімді интеграциялай алатын, цифрлық БАҚ-та ақпараттық қолдау мен дамытуда жаңа тәсілін қолдана алатын, цифрлық медиа сектор мен коммуникация салаларында түрлі кәсіпорындарына жоғары кәсіби және талантты кадрларды сапалы даярлау.

Түлек моделі

1. Кәсіби қызметке тиімді сөйлеу және тұлғааралық коммуникация әдістерін, заманауи smart-коммуникациялар, цифрлық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын, фото және инфографиканы, әлеуметтік желілер алгоритмдерін, медиа контентті генерациялау мен дербестендіруге арналған мобильді қосымшаларды жеке шығармашылық компонентті енгізу.
2. Медиафилософияның артықшылқтары мен қасиеттерін айқынду, жаһандық ақпараттың сын-тегеуріндеріне негізделген мәдениетаралық коммуникация кейстерін талдау, сондай-ақ, оларды ұлттық тәжірибеге бейімдеу, тиімді іскери және тұлғааралық коммуникацияларды құру, ұжымның эмоционалдық интеллектісі мен медиақоғамды нығайтуға ыпал ету.
3. Сөйлеу коммуникациясының түрлі пішіндерінде іскерлік этикеттің сарындары, мүдделері мен құндылықтарын түсіндіру, тиімді және тұлғааралық қарым-қатынас тілінің, белсенді диалог ерекшелігін айқындау, деректердің визуалдығын фактчекинг құралдары мен этикалық нормалар мен ережелерді қолдана отырып, мультимедиялық кейстер мен сторителлинг әзірлеу.
4. Кинофильмдер, бейне және телебағдарламаларды тарату бойынша стратегиялық медиажоспарлар құру; медиапродакшн процесін кешенді түрде басқару және түрлі форматтағы медиахабарламаларды (оқытуға арналған телерадио контент) жасау; цифрлық құралдарды, мультимедиалық сторителлингті, бейне және аудио хикаялар технологияларын, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегі монтажды, сценарий генерациялау алгоритмдерін және автоматтандырылған редакциялау жүйелерін пайдалану; практика барысында өндірістік және басқарушылық шешімдер қабылдау.
5. Медиаорта мен медиаэкологияға (медиа, технологиялар және коммуникациялар және олардың адам мекендейтін ортаға әсері) арналған медиакоммуникация саласының тарихы, қазіргі даму үрдістері, әлеуметтік желілер менеджменті (СММ), медиакоммуникацияның бейімдеуші, дамушы және басқарушы функцияларын ескере отырып, заманауи даму үрдістері туралы медиаөнімдер әзірлеу.
6. Қоғамның интеллекталды дамуы үшін тиімді философия, құқық, кәсіпкерлік және экологиялық салаларда коммуникация әдістерін қолдана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтарды өңдеуде кәсіби қызметке шығармашылық, дербес-шығармашылық қызмет компонент енгізу.
7. YouTube журналистикадағы сапалы контенттерді тиімді түрде ілгерілету, мудборд-коллекция, смета, контент-жоспарын құру; сценарий мен конспект тұжырымдамасын жазу, белгілі медиа өнімдерінің форматтары мен жанрларын қоса алғанда, YouTube арнасын жүргізу.
8. Трансмедиялық коммуникациялардың теориясы мен кейстерін негізге ала отырып, БАҚ-қа арналған жобаларды бағдарлау, медиамониторинг пен кешенді талдаудың креативті тәсілдері мен инновациялық технологиялары негізінде медиамаркетингтің әлеуметтік жобаларын, сондай-ақ тұрақты коммуникация жүйесіндегі журналист жұмысы моделін ілгерілету.
9. Трансмедиялық жобаларды құру және басқару технологиясын салыстыру және комьюнити-менеджмент бағдарламаларын модельдеу және ілгерілету, әлеуметтік медиадағы digital-коммуникацияларды, әлеуметтік мәселелерге бағытталған ақпараттық агенттіктердің қызметін қоса алғанда, іскерлік коммуникативтік өзара іс-қимылды ұйымдастыру жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді шешу.
10. Бұқаралық коммуникация теориясы мен практикасын, трансмедиялық коммуникацияларды, медиаменеджментті жүйелі түрде ұсыну, әлеуметтік медиа мен SMM коммуникацияларды ілгерілету бойынша креативті медиа жобаларды құру, олардың орындалуын қамтамасыз ету, шығармашылық медиа шеберлікті одан әрі дамыту үшін алынған нәтижелерді корреляциялау.
11. Ғылыми мәдениеттің, сондай-ақ этика мен құқық нормалары мен ережелерін, ортаны сыни қабылдаудың тиімді технологиясын ескере отырып, мультимедиялық контент құралдарын пайдаланып, медианарықты ілгерілету және басқаруда ақпарат пен коммуникацияның жаһандық нарықтағы даму үрдісін бағалау.
12. Медиатекстерді, теле- және радиоматериалдарды журналистің кәсіби базалық құралдары ретінде медиаэтика мен медиақұқық нормаларына сәйкес таныстыру; медиатұтынуды талдау, оның цифрлық және құқықтық индикаторларын анықтау, медиамониторинг әдістерін, цифрлық аналитиканы және трендтерді болжауға арналған предиктивті талдау алгоритмдерін пайдалану арқылы даму үрдістерін болжау.
13. Креативті технологиялар мен икемді коммуникациялық стратегияларды пайдалана отырып, коммуникацияның тарихы мен теориясы негізінде әртүрлі жанрлар мен форматтардағы материалдарды әзірлеу, БАҚ медиаконтентін талдау және салыстыру, дағдарыс жағдайында оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау, медиакоммуникация саласындағы ықпалын оңтайландыру.

Байланыс

Профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі
тел.: +77272211492, моб.: +77073777049
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.edu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)