8D05205 Докторантура

Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:8D05205
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1664

Бағдарлама туралы

Арнайы пәндерді тереңдете оқыту және іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығы негізінде білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында Геоэкология және табиғатты пайдалану саласында дербес зерттеу және педагогикалық қызметке қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.

Түлек моделі

1. Табиғи-техникалық жүйелерді бағалау кезінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланысын түсіндіру;
2. Қазіргі ғылыми парадигмалар шеңберінде ЖОО-да геоэкологиялық пәндер, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, оқыту әдістемесі, талдау және басқару саласындағы іргелі, жүйелі білімді көрсету;
3. Табиғи-шаруашылық жүйелердегі негізгі өзара байланыстарды неғұрлым толық көрсететін және табиғат пайдалануды басқару жөніндегі оңтайлы шешімді таңдау үшін олардың даму серпінін бағалауға мүмкіндік беретін модельдер жүйесін ұсыну;
4. Геоэкология бойынша ғылыми ақпаратты, әртүрлі ауқымды экологиялық мәселелер саласындағы теориялық білімді жүйелі түрде түсінуді, басқарудың қазіргі заманғы әдістерін табысты игеруді және табиғатты пайдалануды оңтайландыруды көрсету;
5. Табиғи-техникалық жүйелерді бағалау жөніндегі ақпаратты жүйелеу және қорыту;
6. Табиғи-техникалық жүйелерді қалыптастырудың жүйе құраушы факторларын анықтау үшін компоненттік талдаудың көп өлшемді статистикалық моделінің нәтижелерін интерпретациялау тәсілдерін генерациялау;
7. Антропогендік әсерлердің теріс салдарын жою үшін табиғи орта компоненттерінің өзін-өзі қалпына келтіру механизмдерін пайдалану;
8. Тұрақты жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық базаны талдау және білікті қолдану;
9. кәсіпорынның тіршілік циклінің барлық кезеңдері үшін ҚОӘБ жобаларын орындау кезінде қазіргі заманғы табиғатты қорғау технологияларын таңдау;
10. Ластаушылар құрамы мен табиғи жағдайларды ескере отырып, ландшафтар мен олардың компоненттерінің мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануға тұрақтылығы тұрғысынан мұнай мен мұнай өнімдерінің авариялық төгілуінің салдарын жою технологияларын бағалау;
11. ҚР және әлем экономикасындағы тұрақты жер қойнауын пайдалану шарттарына баға беру;
12. Шаруашылық қызметті жобалау кезінде өңірдің геоэкологиялық сипаттамаларын жан-жақты есепке алуды қамтамасыз ету үшін дербес шешімдер мен баламаларды әзірлеу үшін одан әрі жеке және кәсіби даму бағыттарын анықтау.

Байланыс

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 6, 3, 2 каб.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1604; 1906; 3135
E-mail:khamitovakorlan@gmail.com

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)