- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- География
География
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
OН 1. Ғылыми қарым-қатынас технологиясына, академиялық шет тіліне, ғылыми және ғылыми-білім беру мәселелерін шешуге арналған зерттеу іс-әрекетіндегі заманауи әдістерге негізделген өзіндік зерттеу нәтижелерін қорытындылау;
OН 2. Педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалау, оларды білім беру және әлеуметтік-мәдени ортада жүзеге асыру мүмкіндіктері мен тәуекелдерін, одан әрі зерттеу перспективаларын анықтау;
OН 3. География ғылымы мен біліміндегі ғылыми әдебиеттерді және қазіргі заманғы зерттеулерді сыни тұрғыдан талдай білу;
OН 4 Студенттің тұлғалық және кәсіби өсуінің жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын орынды таңдап алу және тиімді пайдалану;
OН 5. Ғылыми-зерттеу нәтижелерін тиімді жазбаша және ауызша баяндау, соның ішінде конференцияларда ғылыми мақалалар мен плакаттар жариялау дағдыларын меңгеру;
OН 6. Инновациялық тәсілдер, принциптер мен әдістерді пайдалана отырып, ГАЖ технологияларына негізделген қолданбалы географиялық зерттеулерде пәнаралық білімді түсіндіру;
OН 7. Жер туралы ғылыммен байланысты орталықтардағы, сондай-ақ статистикалық, математикалық, картографиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының орта және жоғары мектептерінде географиялық курстарды оқыту процесінде ғылыми зерттеулер мен жобалардың процестерін үйлестіру;
OН 8. Педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру, олардың қолданылу шегін, білім беру және әлеуметтік-мәдени ортада жүзеге асырудың ықтимал тәуекелдерін, одан әрі зерттеу перспективаларын бағалау;
OН 9. Географиялық білім берудің педагогикалық міндеттерін жүзеге асыру және мақсаттарға жету үшін білім беру жобаларында топтарды басқару, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау үшін қажетті көшбасшылық дағдыларды көрсету;
OН 10. Оқу процесінде жұмыс берушінің қажеттіліктеріне сәйкес қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын үлгілеу;
OН 11. Оқушының тұлғалық және кәсіби дамуының жоспарлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын саналы түрде таңдап алу және тиімді пайдалану;
OН 12. Ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындылау процессте инновациялық әдістер мен әдістемелік тәсілдерді біріктіру арқылы қолданбалы географиялық зерттеулерде ұсыныстар жасау
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген