Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2038
Бағдарлама туралы
Дәлелді медицина қағидаларына сәйкес неврологиялық патологиясы бар науқастарды жоғары деңгейде диагностикалау, емдеу, тиімді алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруға, денсаулық сақтау саласында жаңа білім қалыптастыруға қабілетті заманауи медициналық технологияларды қолдану бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар бәсекеге қабілетті, білікті невролог-дәрігерді даярлау.
Түлек моделі
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1.Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді медицина принцптерін қолдану, жаңа ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну, науқастардың денсаулығын ғылыми-негізделген тұрғыда нығайту және ересектер мен балаларда неврологиялық ауруларды тиімді диагностикалау, емдеу және басқару үшін клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру.
2.Неврологиялық көмек стандартын ескере отырып, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес ересектер мен балаларға неврологиялық патология кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету, емдеу және алдын алу құралдарының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
3.Диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастауды қоса алғанда, ауруларды, оның ішінде шұғыл жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу процесінде науқастармен, оның ішінде балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдалану.
4.Басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсете отырып, этикалық және деонтологиялық принцптерді сақтап, тиімді қарым-қатынас жасау және диагностикалық үдерісті басқару үшін адам мінез-құлқының және науқас психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдану.
5.Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарда, пандемияда неврологиялық көмек көрсету кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
6.Денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы құқықтық білімдерін қолдану, дәрігердің және науқастың құқығын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
7.Медициналық көмектің тиімділігін арттыру және қауіпсіздік мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында кәсіби мәселелерді шешу, медициналық құжаттарды жүргізу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
8.Балалар мен ересектердің денсаулығын нығайту және жалпы популяциялық денсаулықты жақсарту мақсатында аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алу, санитарлық-ағарту жұмыстарын және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүргізу.
9.Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтау, жеке дамуға және өмір бойы оқуға назар аудару.
10.Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалану, адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.