Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдаудың 5 себебі:


#1
Толығырақ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады.

#2
Толығырақ
Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттерегe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.

#3
Толығырақ
16 факультетте 82 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

#4
Толығырақ
Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту.

#5
Толығырақ
Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол!

Біздің түлектеріміз

Мәми Қайрат Әбдіразақұлы

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы

  • Парасат орденімен марапатталған
  • 1954 жылдың 9 мамырында Алматы облысында дүниеге келген
  • 1981 жылы ҚазҰУ заң факультетін бітірген

Исекешев Әсет Өрентайұлы

Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

  • 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген
  • 1994 жылы ҚазҰУ заң факультетін бітірген

Донаков Талғат Советбекұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

  • «Құрмет» орденімен марапатталған
  • 1965 жылы 16 қаңтарда Семей облысында дүниеге келген
  • 1987 жылы ҚазҰУ заң факультетін бітірген

Бекназаров Бектас Әбдіханұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құрметті қызметкері. «Үш би» құрметті белгісінің иесі

  • 1956 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген
  • 1983 жылы ҚазҰУ заң факультетін бітірген

Сатубалдин Сағындық Сатыбалдыұлы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. 450-ден астам ғылыми еңбектің авторы

  • 1937 жылы 5 мамырда Қостанай облысында дүниеге келген
  • ҚазҰУ-нің Экономика факультетін үздік бітірген

Нүкенов Абзал Нукенұлы

Қауіпсіздік кеңесінің ахуал орталығының меңгерушісі

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған
  • 1978 жылы 21 шілдеде Талдықорған облысында дүниеге келген
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін бітірген

Виртуалды турды
қарау