Магистратура
Магистратураға түсу үшін құжаттар тізімі

Магистратураға түсу үшін құжаттар тізімі

Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар:

ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:

1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);

4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7) IELTS, TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung, TFI (Test de Franзais International™), (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650

8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

портал арқылы өтініш жасаған кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) жоғары білім туралы электрондық құжат;

3) интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік (резидентураға түсу үшін);

4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз тілдері) IELTS, TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung, TFI (Test de Franзais International™), (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais);

5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;

7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.